Тұман, жел, бұрқасын: 7 өңірде ескерту жарияланды

Тұман, жел, бұрқасын: 7 өңірде ескерту жарияланды

Тұман, жел, бұрқасын: 7 өңірде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» синоптиктері 28 қаңтар, сенбі күні бірқатар өңірде ескерту жариялады. Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында және Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында шығыстан жел соғады, қарқыны – 18-23 м/с. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Ертең Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, қарқыны 15-20 м/с-ке жетеді.