Медведев: Ресей санкциялар жақында бітеді деген қиялдан арылуы тиіс

Медведев: Ресей санкциялар жақында бітеді деген қиялдан арылуы тиіс

Медведев: Ресей санкциялар жақында бітеді деген қиялдан арылуы тиіс
ашық дереккөзі
Ресей батыстың санкциялары жақында бітеді деген қиялдан арылуы тиіс, деп мәлімдеді РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев. Бұл туралы Reuters хабарлады.
"Елімізге салынған қандайда бір санкциялар бітеді деген қиялдан арылатын уақыт келді. Бұның ұзаққа созылатын түрі бар. Өзге елдің сайлаулары мен қандайда бір шетелдік басшыларға үміт артудың қажеті жоқ", - деді Медведев билік басындағы "Единая Россия" партиясындағы кездесуде. Батыс Ресейге қатысты экономикалық санкцияларын Украинадағы дағдарыста Мәскеудің рөлі үшін енгізді. Кремль Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп өзара тіл табысып, орыс-америка қарым-қатынасы реттеледі деп үміттенді.