Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023

Абай университетінде жаңа жинақтың тұсауы кесілді

27 қаңтарда Абай университетінде «Ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізі» жинағының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерді Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов ашып, аталған жинақтың еліміздің өскелең ұрпағына білім мен тәрбие берудегі маңыздылығына  тоқталды. Сондай-ақ бұл мәселе кез келген қоғам үшін аса өзекті екенін атап өтті.

Абай университетінде жаңа жинақтың тұсауы кесілді

Ұрпақ тәрбиесін жетілдіру мақсатында Педагогикалық ғылымдар академиясы Абай университеті және Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлесе отырып,  мектеп оқушыларына тәрбие беру жұмыстарын жетілдіру жобасын жасады.

Іс-шараға Мәжілістің VII шақырылымдағы депутаты Жұлдыз Сүлейменова, Абай университетінің ректоры Дархан Біләлов, академик, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті Асқарбек Құсайынов,  Қазақстанның Тұңғыш Еңбек Ері, қайраткер ұстаз,  Қазақстан ПҒА академигі  Аягүл Миразова,  Алматы қаласы №81 мектеп-гимназия директоры Нұрғали Турумбетов, Алматы қаласы Білім басқармасы мен педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындары мен орта білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

Бұл жоба  Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің қолдауына ие болып, жастар тәрбиесінің 6 өзекті бағыты анықталды. Олар бойынша тиімді жұмыс жасау үшін 14 әдістемелік нұсқаулық әзірленді. Барлық нұсқаулықтар топтастырылып, «Ұрпақ тәрбиесінің құндылықтар негізі» тақырыбында 3 бөлімнен тұратын жинақ дайындалды.

Абай университетінде жаңа жинақтың тұсауы кесілді

Жобаға академик Асқарбек Құсайынов, Аягүл  Миразова, Жұлдыз Сүлейменова, №2 гуманитарлық-педагогикалық колледж және №81 мектеп-гимназия басшылары ғылыми жетекші болды. Олар жинақты 1-11 сыныпқа оқушыларына арналағанын атап өтті. Ал Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жинақты орта білім беру ұйымдарының педагогтері тәрбие жұмыстарында қосымша әдістемелік нұсқаулық ретінде қолдануына ұсынылғанын айтты.

Жинақ Алматы қаласының барлық қазақ және аралас мектептерінде қамтамасыз етілді.

Абай университетінде жаңа жинақтың тұсауы кесілді

Абай университетінде жаңа жинақтың тұсауы кесілді

Абай университетінде жаңа жинақтың тұсауы кесілді

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button