Жаңалықтар

Абай университетінде жаңа жинақтың тұсауы кесілді

ашық дереккөзі

Абай университетінде жаңа жинақтың тұсауы кесілді

27 қаңтарда Абай университетінде «Ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізі» жинағының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерді Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов ашып, аталған жинақтың еліміздің өскелең ұрпағына білім мен тәрбие берудегі маңыздылығына  тоқталды. Сондай-ақ бұл мәселе кез келген қоғам үшін аса өзекті екенін атап өтті. Жобаға академик Асқарбек Құсайынов, Аягүл  Миразова, Жұлдыз Сүлейменова, №2 гуманитарлық-педагогикалық колледж және №81 мектеп-гимназия басшылары ғылыми жетекші болды. Олар жинақты 1-11 сыныпқа оқушыларына арналағанын атап өтті. Ал Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жинақты орта білім беру ұйымдарының педагогтері тәрбие жұмыстарында қосымша әдістемелік нұсқаулық ретінде қолдануына ұсынылғанын айтты. Жинақ Алматы қаласының барлық қазақ және аралас мектептерінде қамтамасыз етілді.