Парашаңғышы Ербол Хамитов тағы бір медаль жеңіп алды

Парашаңғышы Ербол Хамитов тағы бір медаль жеңіп алды

Парашаңғышы Ербол Хамитов тағы бір медаль жеңіп алды
ашық дереккөзі
Ербол Хамитов әлем чемпионатында пара биатлоннан 12,5 қашықтықты 41:37,9 уақытта бағындырып, қола жүлдеге ие болды деп хабарлады turkystan.kz. Жарыста АҚШ спортшысы Арон Пайк 41:26,8 уақытта мәреге бірінші болып жетсе,  неміс спортшысы Скот Минах   41:32,9 уақытымен екінші орынды еншіледі. Бұған дейін Ербол Хамитов әлем чемпионатында пара биатлоннан 7,5 қашықтықта қола жүлдеге, ал спринт жарысында алтын медальға қол жеткізген болатын. Айта кетсек, парашаңғы және пара биатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында 21-29 каңтар аралығында өтуде. Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетіп жатыр.  width=