БҚО-да оқушылар мектепте ішімдік ішкен

БҚО-да оқушылар мектепте ішімдік ішкен

БҚО-да оқушылар мектепте ішімдік ішкен
ашық дереккөзі
БҚО-да мектеп оқушылары сабақ уақытында ішімдік ішіп ұталған. Тіпті, кейбірі  ұстаздарына ауыр сөз айтып, балағаттаған деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Телеарнаның мәліметінше, жоғары сыныптың қыздары мектепке шашын бұйралап, мұрнын тесіп келеді. Одан бөлек сабақ үстінде боянып отыратыны айтылды. Мектеп басшылығы тәртіпке салуға тырысқанымен, оған оқушылардың ата-анасы қарсы шығып отыр. Қазіргі директор 7 желтоқсанда тағайындалған. Жаңа оқу жылы басталғалы екі басшы ауысқан.
«Балалар тыныш телефонмен, наушникпен отырайықшы дейді. Бізге сабақ қызық емес дейтін балалар да бар. Мектепте тәртіп болмағандықтан, балалар мектепке ішімдік алып келетін болған және мұғалімнің намысына тиіп, балағат сөздер айтқан. Қазір тәртіп бұззған балалармен жұмыс істеп жатырмыз», – дейді мектеп директорының міндетін атқарушы Мейрамгүл Кубашева.
Оқушыға ішімдік сатқан дүкен иесі мен әке-шешесіне айыппұл салынды. Ал ата-аналар мұнымен келіспейді. Олардың айтуынша, қазіргі мектеп басшылығы ұжымды қорқытып-үркітіп ұстайды. Сондықтан оларды қызметтен босату керек.
 «Мектеп директорының міндетін атқарушы мен оның орынбасарын орнынан алып тастауды талап етеміз. Өйткені мұғалімдер мен оқушылардың жағдайы қиын. Себебі мектеп басшылығы олардың жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді. Тіпті мектеп басшысы біз жиналсақ, бәрімізді сотқа беретінін айтты», – дейді оқушының анасы Диана Кенжалиева.
Мектеп басшылығының айтуынша, бұл даудың бәрін әлдебір сыртқы күштер ұйымдастырып отыр.
Біреуі ата-анаға айтып жіберу, ата-ана арқылы өзінің құқығын қорғау – ол педагогқа тән қасиет емес қой деп ойлаймын. Педагог жоғары білімді адам, өзін-өзі қорғауы керек. Ата-аналар арқылы әңгіме айтып қорғатпау керек, – дейді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тілекқабыл Нұрышов.
Биыл мектеп оқушыларының сабақ үлгерімі 3 пайызға көтерілген. «Алтын белгіге» үш оқушы үміткер. Талабынан таймаған ата-аналар енді білім басқармасы басшысына арыз жазды. Облыстық білім басқармасының өкілдері мектеп директорын ауыстыру жөнінде конкурс жарияланғанын жеткізді. Яғни, осы сыннан сүрінбеген үміткер жүрегі дауаласа, басынан дау арылмайтын мектепке басшы боп бармақ.