«Қаныш» көркем фильмі көрерменге жол тартпақ

«Қаныш» көркем фильмі көрерменге жол тартпақ

«Қаныш» көркем фильмі көрерменге жол тартпақ
ашық дереккөзі
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Қаныш. Қазына»  тарихи телехикаясының негізіндегі «Қаныш» көркем фильмі кинотеатрлардан көрсетіледі. Тарихи туынды 2 ақпаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрлар желісі арқылы үлкен экрандардан көрермендерге ұсынылады. «Қаныш» фильмінің сюжеттік желісі – геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтің өмірі мен еңбек жолына негізделген. Жас Қаныштың қазақ халқының басына күн туған – ашаршылық және қуғын-сүргін жылдарындағы геология саласындағы алғашқы қадамдарын баяндайды. Режиссері - Ерлан Нұрмұхамедов, сценарий авторлары - Әмір Әменов және Ален Рахметалиев. Фильмде Қаныш рөлін Әсет Есжан сомдайды. 6 бөлімнен тұратын «Қаныш. Қазына» телехикаясын «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы 2021 жылы түсірді. Жоба 2022 жылы толықметражды фильм ретінде халықаралық «Literature in Cinema» кинофестивалінде «Үздік фильм» («Best film») жүлдесіне ие болды.  width=