Қостанай облысындағы өрт ана мен баланың өмірін жалмады

Қостанай облысындағы өрт ана мен баланың өмірін жалмады

Қостанай облысындағы өрт ана мен баланың өмірін жалмады
ашық дереккөзі
Қостанай облысы Құсмұрын кентіндегі жеке үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнынан 34 жастағы әйел мен 6 жасар баланың мәйіттері табылды деп хабарлады turkystan.kz. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қоңырау 26 қаңтар күні сағат 09:09-да түскен.
«Құтқарушылар оқиға орнына сағат 09:17-де жетті. 15 шаршы метрді құрайтын қонақ бөлмедегі жиһаздың барлығы жанып жатқаны анықталды. Сондай-ақ үйден газ баллоны шығарылды. Өрт салдарынан 34 жастағы әйел мен оның 6 жасар ұлы қаза болды», - деп хабарлады ТЖД.
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.