Жаңалықтар

Елордада халықаралық конференция өтті

ашық дереккөзі

Елордада халықаралық конференция өтті

ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында «Жаңа Қазақстан: экономикалық даму стратегиясы» халықаралық конференциясы өтті. Іс-шараға қазақстандық және шетелдік белгілі сарапшылар қатысты. Конференцияның мақсаты – жаңа Қазақстанды құру контекстінде тұрақты экономикалық дамудың кең ауқымдағы өзекті мәселелерін сараптамалық талқылау. «Қазіргі әлем турбуленттілік аймағына енді. Халықаралық қатынастардың шиеленісуі, ірі әскери қақтығыстар ошақтарының пайда болуы, энергетикалық және валюталық нарықтардың жоғары құбылмалылығы, сауда соғыстарының күшеюі, лаңкестіктің өршуі – осының барлығы әлемде болып жатқан тектоникалық ығысулардың сыртқы көрінісі. Қазақстан әлемдік жүйенің бір бөлігі бола отырып, бұл үдерістерден тыс қала алмайды. Қазіргі заманның сын-қатерлеріне жауап ретінде мемлекет Президенті Қ.К.Тоқаев Жаңа Қазақстан стратегиясын алға тартты. Оның өзегі – ұлттық экономиканың жүйелі проблемаларын – шикізатқа тәуелділік, еңбек өнімділігінің төмендігі, инновация деңгейінің жеткіліксіздігі, табыстың біркелкі бөлінбеуін жоюға бағытталған жаңа экономикалық саясат», - деді ҚР Тұңғыш Президенті  кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.