Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің мәліметінше, елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына жоғары қысым аумағы әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа-райы сақталады.
«Қазақстанның қалған аумағы әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Осыған орай қар мен жаяу бұрқасын және жел күшейеді деп күтілуде. Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді. Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 5-10 градус жылы болады. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы 5 градус жылыға дейін жоғарылауы күтіледі», - делінген хабарламада.