Оқытушы дәрістері цифрлық жүйеге ауысып жатыр

Оқытушы дәрістері цифрлық жүйеге ауысып жатыр

Оқытушы дәрістері цифрлық жүйеге ауысып жатыр
ашық дереккөзі
Еуразия ұлттық университеті өзінің 15 цифрлық сервисін қол­данысқа енгізді. Жаңа техно­ло­гиялық шешімдер «ЕҰУ – Digital University» бірыңғай экожүйесін қа­лыптастырады және ғылыми-бі­лім беру барысын цифрлан­дыру­ға, бизнес-процестерді авто­мат­тандыруға, қызметкерлер мен оқы­тушылардың цифрлық құ­зы­реттерін дамытуға бағытталған. ЕҰУ өзінің цифрлық сервистерін ен­діруге басымдық береді. Соңғы екі жыл­да университеттің ІТ мамандары 15 өнім әзірледі. Барлық тех­­но­ло­гия­лық шешімдерді ЖОО студенттері мен қызметкерлері сәтті қолданып отыр. Цифрлық қызметтер күнделікті жұ­мыс үрдісін оңтайландырып, еңбек өнім­ділігі мен оқу процесін ұйым­дас­тыру­дың тиімділігін арттырды. Мә­селен, қағазсыз құжат айналымы жүйе­сі жылына 20 млн теңгені үнем­деу­ге жол ашты. Электрондық сервис 1 миллионнан астам баспа бетін сақ­тауға, картридждер шығынын, прин­терлердің тозуын және силлабустар мен оқу-әдістемелік кешендерге жыл сайын қағаз жүзінде қол қоюға кете­тін қызметкерлердің еңбек шы­ғын­дарын азайтты.
– ЕҰУ-да 2021-2025 жылдарға ар­нал­ған цифрлық экожүйе тұжырым­да­­масы іске асырылып жатыр. Осы бағдарлама аясында біз түлектерді жұмысқа орналастыру платформасын, білім алушыларға оқу процесі туралы қажетті ақпарат жарияланатын Smart. ENU мобильді қосымшасын, қағазсыз құ­жат айналымы жүйесін, талап­кер­лер­ге арналған электрондық кезек тер­миналын, жаппай білім беру курс­тары бар онлайн-оқыту платформасын құрастырдық. Біздің барлық ІТ өнім­деріміз жұмыс процестерін жеңілдетті, студенттер мен оқытушылар үшін қо­лайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді. Қазір ЖОО-да қызметкерлердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту, студенттердің цифрлық бейіндерін әзірлеу жұмыстары қолға алынды. Бұл – цифрлық университетті дамы­ту­ға жа­с­алған жүйелі қадам, – деп атап өтті ЕҰУ Цифрлық даму және қа­­­шықтан оқыту департаментінің ди­ректоры Гүлмира Бекманова.
ЕҰУ-дың тағы бір бірегей цифрлық жүйесі «Ғылыми-зерттеу инс­ти­тут­тарының жоспарлары мен есептері». Ол жұмыс жоспарларын, ғылыми-зерт­теу институттарының тоқсандық есеп­терін бекітуге, ғылыми-зерттеу инс­титуттарының қызметіне байла­ныс­ты мәліметтерді жан-жақты тал­дауға және тапсырмалардың орын­далуын онлайн тәртіпте бақылауға мүм­кіндік береді. Диссертациялық кеңестердің он­лайн дауыс беру жүйесі крип­тог­ра­фия­лық алгоритмдер негізінде жасы­рын дауыс беруді өткізуге арналған және университет докторанттарының дис­сертацияларын қорғауда қол­да­нылады. Ол дауыс берудің аноним­ділі­гін, рәсімнің ашықтығын және есеп беруді автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге университет өзінің платформасы негізінде онлайн-білім беруді белсенді түрде дамытуда және сер­тификаттау жүйесін әзірлеуді қол­ға алды. Бүгінде білім беру ресур­сы­на 132 пән бойынша 2000 дәріс жүктел­ген. Екі жыл ішінде 40 мыңға жуық адам бейнематериалдарды тыңдады.