Жаңалықтар

Ұлттық қолөнерімізді дәріптеп жүрген шебер

ашық дереккөзі

Ұлттық қолөнерімізді дәріптеп жүрген шебер

Ұлттық қолөнер – ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен мәдени мұрамыз. Бүгінде ата-бабамыздан қалған мұраны көзінің қарашығындай сақтап, төл өнерімізді дәріптеп жүрген жандардың бары қуантады. Соның бірі – ат әбзелдерін жасайтын хас шебер Жеңісәлі Базарбаев. Бүгінде ол жас ұрпақты ұлттық өнерге баулып жүр. Сонымен қатар үйінің жанынан шеберхана ашып, түрлі бұйымдар жасайды. Он саусағынан өнер тамған шебердің қолынан шыққан дүниелерді елімізбен қоса, көрші Өзбекстан, Қырғыз Республикасынан тапсырыспен алдыратындар бар. «Аттан түспеген халықтың ұрпағымыз ғой. Жасаған бұйымдарымызды еліміздің әр түкпірінен алып жатады. Көрші елдерден де тапсырыс алып тұрамыз. Бағасы қолжетімді. Өзім тұрып жатқан Шымкент қаласында тері өңдейтін зауыт бар. Қажетті материалды сол жерден аламыз. Ер-тұрманды жасағанда ал­дымен ағашын терімен қаптап аламыз. Содан кейін былғарының түсін таңдаймыз: қара және қоңыр түсі болады. Түгелдей қаптап бол­ған соң, тоқымын ті­геміз. Тартпасы, ауыз­ды­ғы бар, бәрін жеке-жеке тігіп шығамыз. Ары қа­рай таза күміспен немесе металмен сәндеп, бағалы тастар қоямыз. Ал қамшыға келетін болсақ, ал­дымен қа­жетті заттарды дайындап аламыз. Бәрі дайын тұрса, 1-2 күнде жасауға болады. Бірін­ші өрімін өру­ге таспа дайындаймыз. Таспаны еш­­кінің терісінен алып, жүнін таза­ла­ғаннан кейін бір-екі апта тұрады. Дайындап бол­ған­нан кейін тіліп алып, былғарысын дайын­дай­мыз. Қамшының өрімі әртүрлі болады. Оны тапсырыс берушінің сұ­рауы бойынша жасап береміз. Ендігі мақсатым – ұлттық қолөнерімізді одан әрі дамытуға үлес қосып, шебер­ха­намды кеңейту», – дейді Жеңісәлі Баба­құл­ұлы.