Шымкентте тың бизнес-жоба іске қосылды

Шымкентте тың бизнес-жоба іске қосылды

Шымкентте тың бизнес-жоба іске қосылды
ашық дереккөзі

Оңтүстік Қазақстан облысында Кәсіпкерлер палатасы елімізде баламасы жоқ жаңа жобаны іске қосты. Енді палатаның мамандары базарлардағы сатушылар мен шағын кәсіпкерлерге түрлі кеңестер беретін болады.

Ол үшін Шымкент қаласында орналасқан «Айна» мен «Самал» сауда орталықтарында кеңес берушілер кабинеті ашылды. Онда заңгерлер, есепшілер, салықтық заңнама мамандары Шымкент базарларындағы жұмысшыларға барлық мәселелер бойынша дәл жұмыс орнында ақыл-кеңес бере алады.

Кабинеттер аптасына екі рет жұмыс істейді. Мұндай кабинеттердің қажеттілігі кәсіпкерлердің есеп-қисап жасау, салық төлемдерін төлеу кезінде қиындықтарға жиі душар болуынан туындап отыр дейді Кәсіпкерлер палатасы. Сондықтан Палата халық арасына барып, оларға тегін кеңес беру қызметтерін ұсыну туралы шешім қабылдаған.

Мұндай тың жоба елімізде алғаш рет енгізіліп отыр. Тегін көрсетілетін қызмет алдағы уақытта салық және кеден саласының мамандарымен толығып, қос тарап бизнес өкілдерінің құқын қорғауда күш біріктіретін болады.