Іргелі ғылымның да іргесі сөгіліп тұр

Іргелі ғылымның да іргесі сөгіліп тұр

Іргелі ғылымның да іргесі сөгіліп тұр
ашық дереккөзі
Мемлекет қауіпсіздігінің маңызды бір тұғыры – азаматтардың және олар өмір сүретін қоршаған ортаның саулығы. Қа­зіргі заманда биологиялық қауіп-қа­терлердің алд­ын алу әлем елдері үшін стратегиялық мәнге ие болып отыр. Ал биологиялық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету жаратылыстану ғы­лым­дарын дамытуға тікелей байланысты. Оның ішінде табиғаттағы өсімдіктер әлемін зерттейтін ботаника ғылымының рөлі ерек­ше. Биылғы 19-20 қаңтар күндері Түркістан қа­ласындағы Қожа-Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен «Жаңа Қазақстандағы за­манауи бота­ни­ка ғылымының басым бағыттары – идея­лардан нақты істерге» атты форумда биология ғылымдарында қалыптасқан күрделі жағ­дайдың себептері мен салдары талқыла­нып, тығырықтан шығудың жолдары ұсы­ныл­ды. Мәселенің мәнісі – ғылымдағы жүйесіздік Ботаника ғылымында қордаланған мәселелердің түйіні саладағы жүйе­сіз­дік пен инфрақұрылымның жоқтығына ке­ліп тіреледі. Кеңес Одағы күйреген алғашқы жыл­дары елімізде қалыптасқан ғылыми инф­рақұрылымға аяусыз соққы жасалды. Қа­зақстандағы жеті ботаникалық ғылыми-зерт­теу институтынан тек екеуі қалды. Қолда бар­ды сақтап, заманға сай жетілдірудің ор­ны­на ғылым мен білім талан-таражға түсті. Ғы­­лым саласындағы басшылардың дарын­сыз­дығы ғылыми ойдың дамуына тұсау сал­ды. Сауда-саттық жүрген жерде ғылым бол­май­тыны белгілі. Ботаника – іргелі ғылым, ол бүкіл био­ло­гия ғылымдарының бастауы. Ауыл ша­руашылығы, медицина, экология, геог­ра­фия, биотехнология және басқа салалар өз зерт­теулерінде ботаникалық білімдерге сүйе­не­ді. Жоғары оқу орындарында жыл сайын био­­логтар мен биотехнологтар, агрономдар, мек­­теп мұғалімдері қолақпандай дипломға ие болғанмен, ботаника кафедралары жаб­ы­луы салдарынан базалық білімсіз маман қа­та­рын толықтырып жатыр. Ең сорақысы, орта мектеп бағдар­ла­ма­сын­дағы ботаника және зоология пән­дері қысқартылып, «Жалпы биология» пә­німен қосып оқытылатын болды. Осы­лай­ша, «Мектеп – бакалавриат – магистратура – докторантура» тізбегі бұзылып, дәстүрлі оқу жүйе­сіне нұқсан келді. Шала білімді ғылым кан­дидаттары мен PhD-докторлар қалайша ғы­лыми зерттеулермен айналысатыны құ­зы­рет­ті орындарды ойландырмай отыр. Ға­лым­дар дабыл қаққанмен, тыңдар құлақ жоқ. Қайтарылып жатқан жердің құны қанша? Ғалымдардың айтуынша, Қазақстанда 187 миллион гектар табиғи жайылым бар. Оның ішінде 26 миллион гектар жайы­лым­­дық жер тозған. Қазір мемлекет лати­фун­дис­тердің қолындағы жерді қайтарумен ай­на­лысуда. Ол жердің қандай күйде екені, то­пырақ жабындысы мен өсімдіктер әлемінің жай-күйі ешкімді ойландырар емес. Тек жеке бас пайдасын ойлаған алпауыт жер иелену­ші­лердің тұтынушылық пиғылының кесі­рі­нен миллиондаған гектар жер құнар­­сыз­да­нып, деградацияға ұшырап жатыр.
– 2016 жылғы жер митингілері кезінде бо­­­таника ғылымының мешеу қалғаны анық кө­рінді. Мамандар жерді бағалауда қиын­дық­қа тап болды. Жердің бағасын анықтау үшін он­дағы флора мен фауна туралы ғылыми ақ­парат өте маңызды. Оны тек ботаника ғы­­­лымы зерттейді. Кеңестік кезеңде про­фес­сорлар Н.Павлов, Б.Быков, академик И.Бай­ту­лин сынды көрнекті ғалымдар негізін қа­ла­ған қазақстандық ботаника ғылымындағы инф­рақұрылым алғаш нарыққа көшкен жыл­дары бұзылды. Жұмысы жолға қойылған бір­неше ғылыми-зерттеу институтынан айы­ры­лып қалдық. Бұл ғылым ауыл шаруа­шы­лы­ғы­ның барлық салалары үшін қажет. Мал жайы­лымы, жем-шөп өндірісі, дәнді дақыл­дар саласы, барлығы ботаникалық білімге мұқ­таж. Біз ботаника және зоология кафед­ра­ларын қайта ашу жөнінде қанша жылдан бері айтып келе жатқанымызбен, нәтиже жоқ, – деді форумда Қазақстан ҰҒА академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Әлихан Мелдебеков.
Жер мәселесіндегі түйткілдердің бір се­бебі – геоботаник кадрлардың же­­­­тіспеушілігі. Геоботаника – ботаника ғы­лы­­мының өсімдіктерді, олардың құрамы мен құрылымын, динамикасын зерттейтін бағыты. Мамандардың пікірі мен зерттеулерін ес­кермеу Қазақстандағы жайылымдық жер­дің сапасы мен қолданысына қатысты стра­те­гиялық көзқарастың жоқтығын білдіреді. Ст­ратегиялық көзқарастың жоқтығынан біл­дей бір Ботаника және фитоинтродукция ғы­лыми-зерттеу институты ғылымға «үш қай­наса сорпасы қосылмайтын» Экология ми­нистрлігінің құзырына берілді. Іргелі ғылымның құлдырауының бір кө­рінісі туған өлкеміздегі дәрілік өсім­дік­терді талан-таражға салып, шетелге сату ке­зінде де байқалды. Мәселен, Алматы об­лы­сында қызылмия өсімдігін тамырымен қо­па­рып жұлып, тонналап көрші елге асырды. Та­мыры жұлынған өсімдік ешқашан қайта өс­пейтіні сауда-саттыққа рұқсат берген лауа­зымды тұлғаларды алаңдатқан емес. Этноботаника – ғылымды қазақтандыру «Табиғи ресурстар саласындағы егемен-дік – мемлекеттік егемендіктің құрамдас бө­лігі» деп атап айтты жиында Қожа-Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік уни­верситеті Жаратылыстану ғылыми-зерт­теу институтының директоры, профессор, биология ғылымдарының докторы Нұғман Аралбай. «Биоалуантүрлілік туралы халықаралық кон­венцияны» Қазақстан да ратифи­ка­ция­ла­ғаны белгілі. Конвенцияда әр мемлекеттің өзі­нің биоресурстарына егемендік құқығы бар екені және оларды сақтауға жауапты еке­ні тайға таңба басқандай жазылған. «Бо­та­никтер форумының мақсаты да осы, гене­ти­калық-ресурстық егемендігімізді қамта­ма­сыз етуге үлес қосу. Бұл міндетті іске асыруда бо­таника ғылымының рөлі зор» деді ғалым. 1990 жылдардан бері ботаниканың елеу­сіз қалуы осы ғылымның мемлекеттік тілде да­м­уын кенжелетті. Мәселен, «Қазақстан фло­расы» атты қазақ тіліндегі іргелі энцик­ло­­­­педиялық-анықтамалық шығаруға көңіл бө­лінбей келеді. Ботаниктер ұсынған бұл жо­ба Ғылым комитеті жариялаған конкурс­тар­да сарапшылар тарапынан қолдау тап­пап­ты. Яғни, қазіргі ғылымды қаржыландыру жүйе­сіндегі «Мақсатты ғылыми бағдарлама» та­лап­тары мемлекеттік тілде ғылыми зерт­теулер жүргізуге қолайсыз. Шетелдік жур­нал­дарда мақала шығару талабы да ғалымдардың қо­лын байлайды. «Қазақстан ғылымының шет­елдік сарапшыларға еш қажеті жоқ. Кері­сінше, бұл босқа қаржы шығындау» деген уәж әзір­ге ғылым саласындағы басшыларға жет­пей жатыр. Бұның бәрі этноботаниканың ал­ға жылжуына кері ықпал етіп отырғаны сөз­сіз. Соңғы жылдары орта мектептегі оқу­лықтардың сапасы қоғам тара­пынан жиі сынға ұшырап жүргені белгілі. Олардың арасында «Биология» оқулығы да бар. «Егер осы уақытқа дейін қазақ тілінде өсімдіктер ту­­ралы бір де бір кешенді ғылыми-энцик­ло­педиялық еңбек жарық көрмегенін ескерсек, са­палы оқу­лықты қалай талап етуге болады?» – дейді Түр­­­кістан форумын ұйымдастырушылардың бірі, академик Нұғман Аралбай. Яғни, бұл са­ла­да бүкіл құрылым бір-бірімен тығыз бай­­­ланысты. Ғалымдар этноботаникалық зерт­теу­лер­ге кеңінен жол ашу ең алдымен қа­зақ тіліндегі ғылыми ақпаратты қолжетімді ете­тінін жеткізді. «Этноботаника бағытын да­­­­­мытпайынша, ұлттық табиғи ресурстары­мыз­ды зерттеу және сақтау, келер ұрпаққа қал­дыру мәселесін шешу мүмкін емес», – дей­ді Қ.-А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-тү­рік университетіне қарасты Ботаникалық бақ­тың директоры, биология ғылымдарының кан­дидаты Әмірбек Сихымбаев. Айта кетерлігі, Яссауи университеті – Қа­зақстанда ботаникалық бағы бір жалғыз жо­ғары оқу орны. 88 гектар аумақты алып жат­қан бақта бір ғана қылқан жапырақты ағаш­тың 16 түрі бар. Еліміздің жасыл мақ­таны­шы саналатын қызғалдақтың ондаған түрі өсіріледі. Қазақша анықтамалықтың алғашқы қарлығашы Салалық ғылымда қалыптасқан күрделі ахуалға қарамастан, қазақ тіліндегі бо­­таника ғылымы жекелеген энтузиаст ға­лымдардың арқасында ілгерілеп жатыр. Со­ның дәлелі – Түркістан форумында таныс­ты­­­рылған екі кітап. «Қазақстан өсімдіктерінің анықтағышы» ат­ты энциклопедиялық анықтамалық еңбек­тің идеясы осыдан 27 жыл бұрын туыпты. Басылымның редакторы, профессор Нұғман Аралбайдың айтуынша, еңбектің шығуына кедергілер көп болған. Енді Қожа-Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті басшылығының қолдауымен ғылыми айналымға шығып отыр. Н.Аралбай, А.Қуатбаев, Б.Қасенова және басқа ғалымдар құрастырған еңбекте өсімдіктердің латын, орыс және қазақ тілдеріндегі атаулары, түр ре­тіндегі анықтамалары мен дихотомиялық кес­телер берілген. Төрт томға жоспарланып отыр­ған анықтағыш ботаника ғылымымен қа­тар, ауыл шаруашылығы, экология, селек­ция, медицина, тағам өнеркәсібі және басқа сала мамандары үшін үлкен сұранысқа ие. Екінші кітап – «Асыл ағаш, асыл шөп» ат­ты серияның 1-томы Қазақстан фло­­­расының негізгі өсімдіктеріне арналған. Мұн­да әр тұқымдастың номенклатурасы, био­логиясы мен морфологиясы, экологиясы мен географиясы, шаруашылық маңызы тура­лы құнды ақпарат жинақталған. Бұл басылым ор­маншы, агроном, табиғат зерттеуші ма­ман­дарға да таптырмас дүние. Тіпті, елді мекен­дер­ді абаттандыруда да бұл зерттеулердің қа­жет екені анық. Қазіргі уақытта «Қазақстан өсімдіктерінің анық­тағышының» екінші және үшінші том­дары баспадан шығуға дайын. Қазақ тіліндегі бо­таникалық ғылыми оқулықтардың баста­ма­сы – қазіргі қазақ ғылымындағы үлкен оқиға. Қазақ тіліндегі энциклопедиялардың алғашқы қарлығашы сынды екі кітап алдағы уақытта жүйелі жалғасын таппақ. Отандық ғылым дамысын десек... Жаңа Қазақстанның ботаника ғылы­мы­ның бүгіні мен ертеңін талқыла­ған келелі отырыста ғалымдар қазіргі күрделі ахуалдан шығудың жолдарын да ұсынды. Екі күн­дік дөңгелек үстел жұмысын қорыта келе, жиынға қатысушылар арнайы қарар қа­был­дады. Қарарға енгізілген ботаниканың ғы­лы­ми негіздері, цифрландыру, палео­бо­таника жә­не геоботаника саласы бойынша нақты ұсы­ныс-пікірлер Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігіне жолданды. Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруа­шылығы ғылыми-зерттеу институтының ғы­лыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғы­лымдарының докторы Лаура Тохетова: «Қазақстанда өсімдіктердің генетикалық бан­кі әлі жасалмаған. Генетикалық банк өсім­дік ре­сурстарын сақтаумен қатар, азық-түлік тұ­рақ­тылығын қамтамасыз ету үшін қажет», – дей келе, отандық биология ғылымын жаңа фор­матта дамыту жөніндегі ұсынысын жет­кізді.
– ЖОО-лардың білім беру бағдар­лама­лары негізінен биология пәні мұғалімін даяр­лауға арналған. Ал бізге ғалымдар қажет. Сондықтан бакалавриат – магистратура – док­торантура тізбегінде жас ғалымдарды даяр­лауға мән берілуі тиіс. Жастарды ын­та­ландыру үшін іргелі ғылымды қаржылан­дыру­ды ұлғайту және Биологиялық қауіп­сіз­дік­ті қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық бағ­дар­лама қабылдау қажет. Бұл мемлекеттік мүд­деден туған міндет, – деді Л.Тохетова.
Түркістанда бас қосқан ботаник ға­лымдар ғылымға кешенді көзқарас қа­­жет екенін жеткізді. Салалық мекемелерде бас­шылардың жиі ауысуы да ғылымды дамы­туға, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге ке­­­­дергі. Кадр тұрақтауы үшін жалақы мәсе­ле­сі оң шешілуі тиіс. Қарарға жоғары оқу орындарында жа­бы­лып қалған ботаника кафедралары мен мек­тептегі ботаника пәнін қалпына келтіру мә­се­лесі де енгізілді. Ғылымдағы жүйелілік – нақ­ты нәтижелердің кепілі. Дөңгелек үстелде сөз алған ғалымдар елімізде биология саласында қазақ ті­ліндегі сапалы ақпаратты қолжетімді және жет­кілікті ету үшін термин мәскелесін шешу қа­жет­тігін дәйектеді.
«Бұл үшін А.Байтұрсын­ұлы атындағы Тіл білімі институтының лин­гвистері мен сала мамандары ынты­мақ­та­са жұмыс істеуі қажет. Қазір әр ғалым тер­мин­­дерді әртүрлі пайдаланып жүр. Бірізділік жоқ. Ғылымды қазақша дамытамыз десек, биология терминдерін бір қалыпқа келтіру қа­жет», – деді биология ғылымдарының кан­ди­даты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро­тех­ни­калық университетінің доценті Асхат Қуат­баев.
Жиын барысында Қожа-Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-тү­рік университетінің басшылығы аталмыш фо­румның отандық ботаника ғылымының же­тістігі мен даму перспективасы талқы­ла­на­тын алаңға айналуына қолдау білдіретінін жет­кізді. Дөңгелек үстелге қатысқан түр­кия­лық ғалымдар да бірлесе жұмыс істеуге ық­ы­лас білдірді.