Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова қайтыс болды

Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова қайтыс болды

Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова қайтыс болды
ашық дереккөзі
Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында кенеттен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылып отыр. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Аппараты Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген хабарламада.