Жаңалықтар

Өзбекстан шетелге шығу визасын алып тастайды

ашық дереккөзі

Өзбекстан шетелге шығу визасын алып тастайды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев шетелге шығу визасы жөніндегі заңды алып тастауды ұсынды. Президент жарлығы жобасы үкімет сайтында жарияланды. Совет кезеңінен қалған ескі заңды биылғы жылдың үшінші тоқсанында алып тастау жоспарланған. Алайда жарлық жобасында жаңа ереже қашаннан бастап күшіне енетіні айтылмаған. Шетелге шығу визасын совет кезеңінен бері күшінде қалдырған - жалғыз Өзбекстан. Шетелге шығу үшін азаматтар биліктен рұқсат сұрап ғана қоймай, визаны үнемі жаңартып отыру тиіс. Әрбір визаны жаңарту үшін ақшаны және ұзын-сонар кезекте тұруды талап етеді. Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін, президент болып сайланған Шавхат Мирзияев елдегі заңдарға өзгерістер енгізіп, Өзбекстанды біртіндеп әлемге ашып жатыр.