Қырғыз Республикасының бұрынғы вице-премьері ұсталды

Қырғыз Республикасының бұрынғы вице-премьері ұсталды

Қырғыз Республикасының бұрынғы вице-премьері ұсталды
ашық дереккөзі
Қырғызстанның экс-вице-премьері Жениш Разаков ұсталды. Оған алаяқтық және лауазымын асыра пайдаланды деген айыптар тағылуда деп хабарлады turkystan.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
«Жениш Разаков 2017 жылы өзінің лауазымдық міндеттерін пайдалана отырып, 1 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты алаяқтық жолмен иеленді деп күдіктелуде», - делінген агенттік хабарламасында.
Қырғызстанның ІІМ Жениш Разаковқа қатысты қылмыстық іс қозғап, оны тергеу изоляторына қамады. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.