Қар, тұман: жұмаға арналған ауа райы болжамы

Қар, тұман: жұмаға арналған ауа райы болжамы

Қар, тұман: жұмаға арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
Қазгидромет 27 қаңтар күнгі ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Соған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек елдің солтүстік өңірлеріне суық циклон жырасы әсер етеді, аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді, батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман түседі. Түнде Алматы облысының солтүстігінде және шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарда 25 градус қатты аяз күтіледі.