Жаңалықтар

Маңғыстауда үшем дүниеге келді

ашық дереккөзі

Маңғыстауда үшем дүниеге келді

Маңғыстауда осы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. Сәбилерге Ясмина, Алина, Адина есімдері берілген деп хабарлады turkystan.kz. Мұнайлы ауданының 24 жастағы тұрғыны Гүлдана Сахи бірден 3 баланың анасы атанды. Көптен күткен нәрестелер «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы дүниеге келген. Олардың біреуі 1 келі 850 грамм, екеуі 1 келі 600 грамм салмақпен туған. Қазір нәрестелер емдеп-жетілдірудің екінші сатысында ем қабылдап жатыр. Бөбектердің жағдайы жақсы, салмақ қосып келеді.