Australian Open-2023: Рыбакинаның финалдағы қарсыласы белгілі болды

Australian Open-2023: Рыбакинаның финалдағы қарсыласы белгілі болды

Australian Open-2023: Рыбакинаның финалдағы қарсыласы белгілі болды
ашық дереккөзі
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионаты финалындағы қарсыласы анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Екінші жартылай финалда әлемнің 5-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко дүниежүзілік рейтингіде 45-орында тұрған поляк қызы Магда Линетті 7:6 (7:1), 6:2 есебімен тізе бүктірді. Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған матчта А. Соболенко 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен шектелді. Осылайша, беларусь теннисшісі өзінің спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты. Осыған дейін Е. Рыбакина мен А. Соболенко төрт рет кездескен, есеп – 3:1, беларусь спортшысының пайдасында. Бірақ, барлық кездесу де тартысты өтіп, үш сетпен аяқталған. Финалдық бәсеке сенбі, 28 қаңтар күні өтеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионатының финалына алғаш рет шыққанын жазған болатынбыз.