Тараздағы бала саудасы: Денсаулық сақтау министрі пікір білдірді

Тараздағы бала саудасы: Денсаулық сақтау министрі пікір білдірді

Тараздағы бала саудасы: Денсаулық сақтау министрі пікір білдірді
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Сенат отырысынан кейін Жамбыл облысында 1,5 млн теңгеге сатылып кеткен сәбидің оқиғасына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Ғиният әзірге бұл істің нақты себебін, мән-жайын толық білмейтінін айтты. Бірақ, баланың биологиялық анасы перзентханадан баласымен бірге шыққанын, ал «сауда» жалдамалы пәтерде болуы мүмкін екенін желіден оқыдым дейді.
«5 жыл бұрын осындай фактілер тіркелген кезде біз елдегі перзентханалардың бәріне бейнебақылау камераларын орнатып шықтық, психолог мамандар тағайындадық, олар баласынан бас тартатын аналармен сөйлесетін болды. Бөлім меңгерушілері әрбір бала мен ананың денсаулығынан хабардар болып отыратын. Яғни, ана мен баланың денсаулығы жақсы болса, олар 3-4 күн дегенде үйіне шығады», – дейді Ажар Ғиният.
ДСМ басшысы мәлімдегендей, Тараздағы жағдайдан кейін енді елдегі барлық перзентхана қызметкерлерімен тиісті әңгіме жүргізіледі.