Volkswagen 1,21 млрд доллар өтемақы төлейді
Volkswagen 1,21 млрд доллар өтемақы төлейді
АҚШ федералды соты немістің Volkswagen концерні америкалық автодилерлерге 1,21 млрд доллар өтемақы төлейтінін растады. Бұл туралы bbc.com хабарлады.
«Келісімшарт бойынша, компания 18 ай ішінде 652 дилердің әрқайсысына орташа есеппен 1,85 млн доллар төлейді», – делінген. Бұл қаржы дилер-компаниялардың шығынын өтеп, кәсібін ары қарай жалғастыруға мүмкіндік беруі тиіс.
Жалпы алғанда неміс корпорациясы автомобиль иелерінің, экологиялық реттегіш қызметкерлерінің, өңір биліктерінің, сондай-ақ автодилерлердің наразылығын қанағаттандыру үшін шамамен 22 млрд доллар төлеуге келісіп отыр.
Айта кетейік, 2015 жылдың қыркүйек айында Volkswagen-ге қоршаған ортаға тарайтын қалдықтарды азайтып көрсететін құрылғы орнатты деген айып тағылған болатын. Осындай ақаумен АҚШ-тың бір ғана Нью-Мексико штатына 600 мың көлік сатылған. Содан бері осы мәселе бойынша әлемнің бірқатар елдері тергеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
Мәселен, Оңтүстік Корея мемлекеті автоконцернге 18 млрд доллар көлемінде айыппұл салса, өткен жылы Мексикада 45,49 мың көлік экологиялық сертификатсыз сатылуына байланысты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі федералды прокуратура жергілікті компанияға 9 млн доллар төлеуді міндеттеді.