Үш ел бірлесіп түсірген «Қорқыт ата» телехикаясы жарыққа шығады
Үш ел бірлесіп түсірген «Қорқыт ата» телехикаясы жарыққа шығады
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түркі елдеріне ортақ «Қорқыт ата» телехикаясының түсірілім жұмыстарын аяқтады. Тарихи туынды Өзбекстан және Қырғыз елі елдерімен бірлесе түсірілген деп хабарлады turkystan.kz.
Режиссер Қанағат Мұстафин бастаған шығармашылық топ 4 бөлімнен тұратын тарихи телехикаяның түсірілім жұмыстарын өткен жылдың қыркүйек айында бастаған. Өзбекстанның Хиуа қаласындағы тарихи кадрлар қаңтар айында түсірілді.
«Қорқыт ата» тарихи биографиялық драмасы - «Қазақстан» телерадиокорпорациясының өзге мемлекетпен бірлесе түсірген алғашқы телехикаясы. Сериалдың экранизациясы 2023 жылдың соңына жоспарланған.
Жоба продюсері Шолпан Батырбаева - бұған дейін «Qazaqstan» ұлттық телеарнасындағы жоғары рейтингті «Ауыл мұғалімі», «Шырағым», «Шабдалы18» телехикаяларына жетекшілік еткен, режиссер Қ. Мұстафин алғашқы отандық 100 бөлімді телехикая «Қара шаңырақ» сериалының режиссері ретінде танымал.