«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы сайланды

«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы сайланды

«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы сайланды
ашық дереккөзі
Бүгін Алматыда партияның қалалық филиалының кезектен тыс XXXI конференциясы өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек, қалалық филиал Саяси кеңесінің және қоғамдық кеңестердің мүшелері, бастауыш партия ұйымдары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты. Конференция делегаттары ашық дауыс беру арқылы партия филиалының төрағасы қызметіне Мейіржан Отыншиевті сайлады. Ол өз сөзінде «AMANAT»-тың сайлауалды уәделері мен партиялық жобалардың жүзеге асырылуына тоқталды.
«Қай партияның мүшесі екендігіне қарамастан, жалпы, Алматы тұрғындарымен тұрақты байланыста болу арқылы біз осы уақыт ішінде олардың қажеттіліктері мен талап-тілектерінен хабардар болып отырдық. Бұл өз кезегінде бізге тұрғындардың бастамалары мен кең ауқымды мәселелер бойынша ұсыныстарына дер кезінде жауап беруге мүмкіндік берді. Мәселен, екі жыл ішінде партияның Алматы қаласындағы филиалдарына 16 мыңнан астам адам жүгінді. Өтініштердің 61%-ы оң шешімін тапса, 38%-ы бойынша құзыретті түсініктемелер берілді, ал қалған бөлігі қаралу үстінде», - деді Мейіржан Отыншиев.
 width= Ол партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында екі жыл ішінде 486,5 шақырым автожол қайта жаңартылып, жөнделгенін, халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу деңгейі 99%-ға дейін жеткенін, 390 шақырымнан астам электр желілеріне қайта жаңарту жүргізілгенін, шамамен 3,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін атап өтті. Сондай-ақ, 24 мектеп пен 19 мектепке қосымша ғимарат салынып, 182 мектепке дейінгі мекеме ашылған.  Үш медициналық нысанды жөндеу аяқталды, 7 спорт нысаны пайдалануға берілді. Айта кету керек, қазіргі уақытта Алматыда партия қатарында 52 мыңға жуық адам бар, 274 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді.  width=