Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы сайланды

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы сайланды

Бүгін Алматыда партияның қалалық филиалының кезектен тыс XXXI конференциясы өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек, қалалық филиал Саяси кеңесінің және қоғамдық кеңестердің мүшелері, бастауыш партия ұйымдары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты. Конференция делегаттары ашық дауыс беру арқылы партия филиалының төрағасы қызметіне Мейіржан Отыншиевті сайлады. Ол өз сөзінде «AMANAT»-тың сайлауалды уәделері мен партиялық жобалардың жүзеге асырылуына тоқталды. «Қай партияның мүшесі екендігіне қарамастан, жалпы, Алматы тұрғындарымен тұрақты байланыста болу арқылы біз осы уақыт ішінде олардың қажеттіліктері мен талап-тілектерінен хабардар болып отырдық. Бұл өз кезегінде бізге тұрғындардың бастамалары мен кең ауқымды мәселелер бойынша ұсыныстарына дер кезінде жауап беруге мүмкіндік берді. Мәселен, екі жыл ішінде партияның Алматы қаласындағы филиалдарына 16 мыңнан астам адам жүгінді. Өтініштердің 61%-ы оң шешімін тапса, 38%-ы бойынша құзыретті түсініктемелер берілді, ал қалған бөлігі қаралу үстінде», - деді Мейіржан Отыншиев.