Australian Open финалына шыққан Рыбакина қанша сыйақы алады?

26 қаңтар, 2023 / Зердебек Темір
ашық дереккөзі
Australian Open финалына шыққан Рыбакина қанша сыйақы алады? Australian Open финалына шыққан, отандастарына тарихи жеңіс сыйлаған қазақстандық Елена Рыбакина кезекті жеңісінен кейін 1 млн 625 мың аустралия долларын немесе 523 миллион теңге сыйақы алады. Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған Беларусь өкілі Виктория Азаренконы 7-6(4), 6-3 есебімен ұтып, финалға жолдама алған болатын.