Реформалар одан әрі жалғасады – Президент

Реформалар одан әрі жалғасады – Президент

Реформалар одан әрі жалғасады – Президент
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат отырысында реформалардың одан әрі жалғасатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Жалпы, кез келген сайлауда қоғамның саяси кемелдігі сыналады. Қоғамда пікірталас қызу жүреді. Сын – азаматтық қоғамның ажырамас бөлшегі және аталған ұғым Қазақстанға да тән. Бұл – менің берік ұстанымым. Қоғамды трансформациялау және жаңғырту жөнінде қабылдаған шараларымыз халықтың мұң-мұқтажын шешуге бағытталған. Реформалар одан әрі жалғасады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Сонымен қатар Президент соңғы жылдары жүргізілген саяси өзгерістер, сайлау заңнамасын мақсатты түрде либералдандыру Қазақстанда партия құру ісіне тың серпін беретінін айтып өтті.
«Жақында ғана Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау науқаны өз жұмысын бастады. Бұл негізгі мемлекеттік институттарды кешенді түрде жаңғыртудың соңғы сатысы болмақ. Мәжіліс пен мәслихаттардың аралас моделін қалыптастыруға көшіп жатырмыз. Барлық әлеуметтік топтың мүддесін қорғау тұрғысынан мұның мәні зор. Бұл өзгеріс өкілді билік тармақтарының барлық деңгейіне айтарлықтай ықпал етеді. Соңғы жылдары жүргізілген саяси өзгерістер, сайлау заңнамасын мақсатты түрде либералдандыру Қазақстанда партия құру ісіне тың серпін берді. Ұзақ уақыттан бері елімізде алғаш рет бірнеше жаңа партия ресми түрде тіркелді. Аталған деректі аралық қорытынды ретінде атап өтуге болады. Бұл – алға қарай жасалған маңызды қадам», - деп атап өтті ҚР Президенті.