Тайландта су тасқынынан қайтыс болғандар саны 85-ке жетті

Тайландта су тасқынынан қайтыс болғандар саны 85-ке жетті

Тайландта су тасқынынан қайтыс болғандар саны 85-ке жетті
ашық дереккөзі
Ал табиғи апаттан жапа шеккендер қатары 1 миллион 700 мың адамнан астам. Төтенше жағдай жөніндегі орталықтың басшысы Чанчай Промлеттің айтуынша, кейбір провинцияларда су деңгейі төмендегенімен, біраз өңірлер әлі су астында қалып отыр. Ал Наратхиват өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Дегенмен, Пхукет, Краби аймағы мен Самуи және Пханган аралдарына көп зиян келе қоймаған. Бұл жерлерде туристік нысандар қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Айта кеткен жөн, Тайландтың оңтүстігіндегі су тасқыны осы айдың алғашқы күндерінен басталған толассыз нөсер салдарынан туындаған.