Шығыс Қазақстанда із-түзсіз жоғалып кеткендер тізімінде 50 адам тұр

Шығыс Қазақстанда із-түзсіз жоғалып кеткендер тізімінде 50 адам тұр

Шығыс Қазақстанда із-түзсіз жоғалып кеткендер тізімінде 50 адам тұр
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалып кеткендер тізімінде 50 адам тұр деп хабарлады turkystan.kz. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша із-түзсіз жоғалып кеткендер тізімінде 50 адам тұр. Оның ішінде Өскемен қаласында – 20 адам. «Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Күн сайын тәртіп сақшыларына жедел деректер беріліп отырады. Жоғалып кеткендер арасында кәмелеттік жасқа толмағандар жоқ», - делінген ақпаратта. Өткен жылы өңір бойынша із-түзсіз жоғалған 156 азамат іздестіріліп, 106-сы табылған. Оның ішінде 91 адам аман-есен, ал 15-інің мәйіті табылды.