Үш күнде 900 шетелдік көлік заңдастырылды

Үш күнде 900 шетелдік көлік заңдастырылды

Үш күнде 900 шетелдік көлік заңдастырылды
ашық дереккөзі
Қазақстанда үш күнде 879 адам шетелдік көлігін заңдастырды деп хабарлады turkystan.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта 13 мың өтінім алдын ала мақұлданған. 879 адам өз көлігін сәтті заңдастырды. Оларға қазақстандық техпаспорттар мен мемлекеттік нөмірлік белгілер берілді, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, көліктерді заңдастыру науқаны кезінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Жергілікті жерлерде мамандар халыққа кеңес беріп, базалар бойынша құжаттарды тексеріп, әрбір өтінімді жеке қарап жатыр.