«6 күн тамақсыз»: жасырынбақ ойнаған бала басқа елден табылды (ВИДЕО)

«6 күн тамақсыз»: жасырынбақ ойнаған бала басқа елден табылды (ВИДЕО)

«6 күн тамақсыз»: жасырынбақ ойнаған бала басқа елден табылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Бангладеште Фахим есімді бала достарымен жасырынбақ ойнап, жүк контейнеріне тығылған. Ол іште ұйықтап қалғанда, контейнерді сыртынан құлыптап, өзге елге беріп жіерген деп хабарлады turkystan.kz OddityCentral-ке сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше,  17 қаңтарда Бангладеш кемесінен контейнерлерді түсіріп жатқанда, Малайзияның Кланг портының қызметкерлері олардың бірінде абдырап, шаршаған баланы байқайды. Ол жергілікті тілде сөйлемегендіктен, қызметкерлер ешқандай ақпарат ала алмаған. Кейін олар  бала адам саудасының құрбаны деп күдіктеніп, дереу полицияны шақыртқан. Фахим алты күн бойы тамақсыз, сусыз қалған.  width= Бала өзінің туған қаласы Читтагонгта (Бангладеш) достарымен жасырынбақ ойнап, жүк контейнеріне тығылған. Ол құлыпталып қалғанын білгенде, көмек сұраған. Алайда оны ешкім естімеген. Фахимді жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы қалыпты. Малайзия билігінің ақпаратынша, баланың айтқанына күмәндануға негіз жоқ және адам саудасына күдік жоқ. Фахима сауығып кеткеннен кейін отанына қайтарылмақ.

@al_zach90Ah sudah!!!!!♬ bunyi asal - AAL