Жаңалықтар

«6 күн тамақсыз»: жасырынбақ ойнаған бала басқа елден табылды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«6 күн тамақсыз»: жасырынбақ ойнаған бала басқа елден табылды (ВИДЕО)

Бангладеште Фахим есімді бала достарымен жасырынбақ ойнап, жүк контейнеріне тығылған. Ол іште ұйықтап қалғанда, контейнерді сыртынан құлыптап, өзге елге беріп жіерген деп хабарлады turkystan.kz OddityCentral-ке сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше,  17 қаңтарда Бангладеш кемесінен контейнерлерді түсіріп жатқанда, Малайзияның Кланг портының қызметкерлері олардың бірінде абдырап, шаршаған баланы байқайды. Ол жергілікті тілде сөйлемегендіктен, қызметкерлер ешқандай ақпарат ала алмаған. Кейін олар  бала адам саудасының құрбаны деп күдіктеніп, дереу полицияны шақыртқан. Фахим алты күн бойы тамақсыз, сусыз қалған.