Жаңалықтар

«Ұрпаққа аманат»: AMANAT партиясы ұлы тұлғаларды ұлықтады

ашық дереккөзі

«Ұрпаққа аманат»: AMANAT партиясы ұлы тұлғаларды ұлықтады

Елордада «AMANAT» партиясы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісін өткізіп жатыр. Ұлтымыздың көрнекті тұлғаларын ұлықтауға арналған іс-шара бүгін Қайым Мұхамедханов атындағы      №90 гимназияда бастау алды. Биыл Алаш ардақтылары - Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мәшhүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 165 жыл және Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірге келгеніне 130 жыл толып отыр. Осыған орай, партия тарихи-танымдық іс-шара ұйымдастырып, оған танымал ғалымдар, тарихшылар, қаламгерлер және жастар қауымы қатысты.