Түрік әлемінің үздік математиктері Түркістан қаласында бас қосады

Түрік әлемінің үздік математиктері Түркістан қаласында бас қосады

Түрік әлемінің үздік математиктері Түркістан қаласында бас қосады
ашық дереккөзі
25 қаңтарда Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Сұлтан Раев Түркі әлемі математикалық қоғамының президенті Бақытжан Жұмағұловпен кездесті. Кездесуде Түркі әлемі математикалық қоғамының VII Конгресін (TWMS 2023) өткізу мәселелері талқыланды. Мақсаты – ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, математика ғылымын дамытуға және ғылыми зерттеулерде, техника мен білім беруде математика, ақпараттық технологиялар жетістіктерін қолдануға жәрдемдесу. TWMS-тің кезекті конгресін дайындау, өтетін елді таңдау, көпжылдық қалыптасқан дәстүрге сәйкес Түркі әлемінің математик-ғалымдарының қатысуымен талқыланды. Шешім ғалымдардың бастамашылық етуімен және құрамына Түркі елдерінің көрнекті ғалымдары кіретін TWMS басқармасымен бекітілгені атап өтілді. Конгресс биыл 20-23 қыркүйекте Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткізіледі. Кездесу барысында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Конгрессті жоғары деңгейде өткізуге қолдау көрсетіп, жан-жақты көмек көрсететініне сенім білдірді.  width=