Жексенбі, 2 Сәуір, 2023

Жастар арасындағы АЧ: Қазақстан қоржынына екі алтын түсті

Бүгін Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Гүлсая Ержан жеңімпаз атанды деп хабарлады turkystan.kz.

Бокстан өтіп жатқан жастар арасындағы 81 келі салмақта Гүлсая Ержан Азия чемпионы атанды.

Ол финалда тайланд боксшысы Порннипа Чутиді жеңді.

Төрешілер бірінші раундта жергілікті боксшы басым деп тапқанымен, екінші кезеңде Гүлсая таразы басын өзіне аударды. Қорытынды есеп – 3:2, Гүлсая Ержанның пайдасында.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Жасмин Қизатова өзбекстандық Азиза Зориковамен кездесті. 70 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек төрешілер шешімімен қазақстандықтың спортшының пайдасына аяқталды.

Жасмин турнирдің алтын жүлдегері атанды.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button