Жаңалықтар

«Жастар Рухы» Жастар қанаты қызметі жайында есеп берді

ашық дереккөзі

«Жастар Рухы» Жастар қанаты қызметі жайында есеп берді

«Жастар Рухы» Жастар қанаты түрлі санаттағы жастарды қамтыған 1000-нан астам шараларды жүзеге асырды. Бұл жайында «Жастар Рухы» Жастар қанатының өкілдері жария есеп беру кезінде атап өтті. Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев ұйым ребрендингінен кейінгі жүзеге асырылған жобалар мен өткізілген іс-шаралар  жайында нақты айтып берді. «Былтырғы жылдан бастап қазақ тілін насихаттау бойынша «Менің елім – менің тілім» жобасын бірлесіп іске асырып келеміз. Осы жылы 12 аймақта «Сөйле» тілдесу үйірмелерін ашуға шешім қабылдадық. Жастар қанатының өңірлік филиалдары инфрақұрылымының арқасында сапалы жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді», - деп айтып өтті. Сондай-ақ «Жастар Рухы» жетекшісі жүргізілген трансформация арқасында  ұйымға жаңа мүшелерін қосылғанын атап өтті. «Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, біздің барлық жобаларымыз бен іс-шараларымыз жастардың білімін жақсартуға, еңбекқорлығы мен отансүйгіштігін арттыруға бағытталған. Әрине, жобалар жастардың заманауи сұраныстарын ескере отырып іске асырылды. Сондықтан да нәтижелер көңіл толарлық. Біздің қатарымыз түрлі жастармен толықты. Мысалы, ауыл мұғалімі және тиктокер Асыл Ахметова, әскери Ұлан Мырзабай, тележүргізуші Ақбөпе Тәңірберген, шорт-трекші Абзал Әжғалиев, Нұрсұлтан Құрман және т.б.», - деді Нұржан Жетпісбаев. Шара соңында Нұржан Жетпісбаев жастар ұйымының алдағы жоспарларына тоқталды.