Жаңалықтар

АЧ: бүгін қазақстандық екі спортшы финалдық жекпе-жегін өткізеді

ашық дереккөзі

АЧ: бүгін қазақстандық екі спортшы финалдық жекпе-жегін өткізеді

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты финалында қыздардан қазақстандық екі спортшы сынға түседі деп хабарлады turkystan.kz. Финалда 70 келі салмақта Жасмин Кизатова өзбекстандық Азиза Зориковамен, 81 келіде Гүлсая Ержан алаң иесі Порнипа Чутимен күш сынасады. Айта кетейік, финал 25 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.