Жаңалықтар

«Ауыл аманаты»: ұтымды ұсынысы бар тиімді жоба

ашық дереккөзі

«Ауыл аманаты»: ұтымды ұсынысы бар тиімді жоба

Жеке қосалқы шаруашылықты тиімді табыс көзіне айналдырып отырған шаруалар үшін «Ауыл аманаты» аса қажет жоба саналады.  Өз үйінің ауласына көкөніс өсіруді кәсіпке айналдырған Ақтөбе облысы Ойыл ауданының тұрғыны Сапура Мырзағалиева жобаға қатысудан қорықпауға шақырды. «2019 жылдан бастап отбасылық кәсіп ретінде екі жылыжайды іске қостық. Әуелі несие алып, сосын грантқа ие болдық. Жылыжай қысқы уақытта да жұмыс істейді. «Ауыл аманаты», бұл –егіншілікпен айналысуға және өз отбасыңды асырауға берілген мүмкіндік. Ештеңеден қорықпай, жобаға қатысыңыздар. Еңбек етіңіздер, міндетті түрде жемісін де көретін боласыздар», - деді Сапура Мырзағалиева.