Жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізуші мерт болды

Жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізуші мерт болды

Жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізуші мерт болды
ашық дереккөзі
Екібастұз маңында жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізуші қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қаңтарда сағат 17:10 шамасында Екібастұз қаласындағы Лесхоз ауылының маңында №7 шлагбаумы жоқ күзетілмейтін темір жол өткелінде жүк тиегіш арнайы техникасы электровозбен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 49 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына жүк тиегіш, депоға электровоз қойылды.