Жаңалықтар

Таразда жаңа туған нәрестені сатпақ болған екі дәрігер ұсталды

ашық дереккөзі

Таразда жаңа туған нәрестені сатпақ болған екі дәрігер ұсталды

Тараз қаласының прокуратурасы мен Жамбыл облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесе отырып, жедел іздестіру шараларының арқасында жаңа туған сәбиді сату фактісін анықтады деп хабарлады turkystan.kz Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап. «12.01.2023 жылы аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, Тараз қалалық көпбейінді аурухананың 2 медициналық қызметкері ұсталды. Аталған тұлғалар ҚР ҚПК-нің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - делінген хабарламада. Аталған қылмыстық іс қала прокуратурасының бақылауына алынған.