Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды
ашық дереккөзі
Жеңілмеген бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 KO) айқас Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) үшін қолжетімді болмақ. Бұл туралы ESPN арнасының латынамерикалық тілшісі Фернандо Барбоза айтты деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Головкин «Канеломен» жекпе-жекте мол табысқа кенелді. Бұл өте тиімді айқас болды, өйткені ол орта салмақтағы титулдарын да сақтап қалды. Кейінгі кезде GGG-ді мықты боксшылардың көбі айқасқа шақырды, бірақ нақты ұсыныс болған жоқ. IBF шартының уақыты аяқталуға таяды. Сондықтан ең дұрысы – титулды қорғау. Фалькао Қазақстанда жұдырықтасуға дайын. Головкин осындайды ұйымдастыруды көптен армандаған сияқты», - дейді ол.