Риддердегі отын цехы ертең іске қосылады

Риддердегі отын цехы ертең іске қосылады

Риддердегі отын цехы ертең іске қосылады
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жылу электр орталығында өрт салдарын жою жұмыстары аяқталуға жақын, - деп хабарлады turkystan.kz. ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Риддердегі ЖЭО-да өрт шыққан отын цехын қалыпқа келтіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. «Көмір беру трактін жөндеу жалғасуда. Осы түнде желімдеу жұмыстары аяқталады деп көзделген», - дейді облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев. Оның айтуынша, содан кейін іске қосу-реттеу процесі басталады. 25 қаңтар күні орталықтың отын цехы қалыпты жұмыс режиміне көшеді деп жоспарланып отыр. Еске салсақ, 19 қаңтарда Риддердегі жылу электр орталығынан өрт шыққан болатын.