Риддердегі отын цехы ертең іске қосылады
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жылу электр орталығында өрт салдарын жою жұмыстары аяқталуға жақын, - деп хабарлады turkystan.kz.
ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Риддердегі ЖЭО-да өрт шыққан отын цехын қалыпқа келтіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.
«Көмір беру трактін жөндеу жалғасуда. Осы түнде желімдеу жұмыстары аяқталады деп көзделген», - дейді облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев.
Оның айтуынша, содан кейін іске қосу-реттеу процесі басталады. 25 қаңтар күні орталықтың отын цехы қалыпты жұмыс режиміне көшеді деп жоспарланып отыр.
Еске салсақ, 19 қаңтарда Риддердегі жылу электр орталығынан өрт шыққан болатын.