Атырауда жыл басынан бері 8 адам көмірқышқыл газынан уланған

Атырауда жыл басынан бері 8 адам көмірқышқыл газынан уланған

Атырауда жыл басынан бері 8 адам көмірқышқыл газынан уланған
ашық дереккөзі
Атырауда жыл басынан бері 8 адам көмір газынан уланып қалды, - деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, оқиға бүгін, 24 қаңтарда болған. «Жергілікті уақытпен сағат 07:30-да Атырау қаласының маңындағы Томарлы ауылындағы жеке тұрғын үйде 3 адамның көмірқышқыл газынан уланып қалғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 1976 жылы туған ер адам мен әйелдің, 2009 жылғы жасөспірімнің көмірқышқыл газынан зардап шеккенін анықтады. Жедел жәрдем бригадасының көлігімен ересек ер адам мен әйел облыстық ауруханаға, ал, жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. Мұнайлы шаһарда мұндай оқиға жыл басынан бері екінші рет қайталанып отыр. Алғашқы оқиға 9 қаңтарда Водников-2 елдімекенінде тіркелген. Құтқарушылар бір отбасынның 5 адамы, атап айтқанда, үй иесі – 1980 жылғы әйел мен оның 2013, 2014, 2016 және 2019 жылы туған балаларының газға уланып қалғанын анықтаған. Бұған ас бөлмесінде орналасқан газ плитасынан шыққан ақау себеп болған. «Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарынан тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар мен электр құрылғыларын электр желісіне қосулы күйде қалдырмаған жөн. Бұл соңы өкінішке ұрындыратын оқыс оқиғаға себеп болуы мүмкін», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.