Жаңалықтар

Шымкентте Білім басқармасының бас маманы ұсталды

ашық дереккөзі

Шымкентте Білім басқармасының бас маманы ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық Білім басқармасының бас маманын пара алды деген күдікпен ұстады деп хабаралды turkystan.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап. Бас маманның үстінен іс қозғалып, үйқамаққа жіберілгенін қалалық соттың баспасөз қызметі растады. Қалалық соттың мәліметінше, іс материалы 12 қаңтар күні қалалық тергеу сотында қаралған. Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабымен (366-бап) қылмыстық іс қозғалған. Сот күдіктіні үйқамаққа жіберген. Тергеу құпиясына байланысты қанша пара алғаны, күдіктінің аты-жөні жариялауға жатпайды, – деді баспасөз қызметінің жетекшісі Қабыл Дүйсенби. Бейресми деректерге қарағанда, бас маман 2022 жылы қаладағы балабақша жетекшілерінен бірнеше рет 800 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген және тергеу кезінде тағылған айыпты мойындаған.