Шетелдік көліктерді заңдастыру: ХҚКО-ның жұмыс уақыты ұзартылды

Шетелдік көліктерді заңдастыру: ХҚКО-ның жұмыс уақыты ұзартылды

Шетелдік көліктерді заңдастыру: ХҚКО-ның жұмыс уақыты ұзартылды
ашық дереккөзі
23 қаңтардан бастап елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысы сағат 20:00-ге дейін ұзартылды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметі мәлім етті. Ведомстводан хабарлағандай, осы кесте бойынша орталықтар 2023 жылдың 6 ақпанына дейін адамдарды қабылдайтын болады, қандай да бір өзгеріс болып жатса, ол жайында қосымша хабарланады.
«Шетелдік автомобильдерді заңдастырудың екінші күні өтіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 5 836 өтінім мақұлданды, оның ішінде 333 қазақстандық мемлекеттік нөмірлік белгілер мен техпаспорттар алды», - деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер заңдастыруға жатады.