«Сот әкімшілігі ҚР Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып есептеледі», - делінген құжатта.
Мұндай тәсіл арқылы Судьялар корпусы сот төрелігін жүзеге асыру мәселелеріне толығымен шоғырланатын болатыны атап көрсетіледі.
Сот Әкімшілігінің құрылымында ҚР Жоғарғы Сотының аппараты құрылады.
Айта кетсек, Сот әкімшілігі қызметкерлерінің жалақы деңгейі, материалдық, қаржылық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудің өзге де шарттары бойынша ҚР Премьер-министрі кеңсесінің және ҚР Парламенті палаталары аппараттарының қызметкерлеріне теңестіріледі.