«Ұстазым», «Арман» – Дүйсеновтің ел есіндегі әндері

«Ұстазым», «Арман» – Дүйсеновтің ел есіндегі әндері

«Ұстазым», «Арман» – Дүйсеновтің ел есіндегі әндері
ашық дереккөзі
Белгілі композитор, продюсер Арман Дүйсенов 48 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды өнер адамдары жеткізді. Turkystan.kz тілшісі есті әндерімен ел көңілінен шыққан музыканттың өмірі мен шығармашылығына шолу жасады. Арман Дүйсенов – қазақтың әншілік өнерін, музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған белгілі композитор. Фольклорлық этнография, әлемдік классикалық, еуропалық және эстрадалық музыка бойынша кәсіби музыкалық білім алған. Музыканттың өнердегі мансабы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен XXII республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталды. Өнер жолындағы соңғы атқарған қызметі – «Қазақ әуендері» АҚ «Гүлдер» ансамблі филиалының директоры. Арман Дүйсеновтің ең танымал танымал әндерінің қатарында «Арман», «Ұстазым», «Жан қызым» туындылары бар. Сазгер қазақстандық белгілі эстрада жұлдыздары - Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Нұрлан Өнербаев, Рамазан Стамғазиев, Жұбаныш Жексенұлы, Тоқтар Серіков, Медеу Арынбаев, Бауыржан Исаев, Жеңіс Ысқақова, Меруерт Түсіпбаева, Д. Қырықбаева, Мөлдір Әуелбекова, «Муз-Арт», «Каспий», «Нұр-Мұқасан», «Жігіттер», «KeshYou» топтарымен бірге жұмыс істеді. Арман Дүйсенов соңғы жылдарында «Мәңгілікке», «Тәуелсіздік таңы», «Өмір жолы», «Тойға тілек», «Туған жер», «Есілдің жағасында», «Қайдасың», «Әдемі», «Сен едің», «Шаттығым сенсің», «Досым менің», «Ағажан», «Бақыт таңы», «Үміт арман», «Аманат», «Сері жігіт», «Жетісу» әндерін жазды. Сондай-ақ «Ғашық», «КүнәҺарды өлім жазасына кесу», «Теміртау көктемі», «Ақ Сұңқар» секілді көркем фильмдерге музыка жазған.