FISU президенті Алматыға келді

FISU президенті Алматыға келді

FISU президенті Алматыға келді
ашық дереккөзі

Кеше таңертең 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға қатысу үшін Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) президенті Олег Матыцин Алматыға келді.

Жоғары лауазымды спорт шенеунігін әуежайда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев және Универсиада-2017 Дирекция басшысы Наиль Нуров қарсы алды.«Білім, спорт және мәдениет – дәл осы салалар әлемге тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ете алады», – деді журналистер алдында сөйлеген  сөзінде FISU президенті Олег Матыцин.

FISU президенті ұшып келген рейс тоқтатылғандықтан, ұшақ Алматыға аздап кешігіп жетті. Алайда Универсиада Ұйымдастыру комитетінің қонақ құрметіне арнап дайындаған қазақтың «шашуы» арқасында бұл жайт білінбей  кетті.

Олег Матыцин жарыстар алдында өткізілетін FISU атқару комитетінің қорытынды мәжілісіне қатысу үшін Универсиаданың ашылу салтанатынан бұрын келіп отыр. Алматыдағы Универсиадаға дайындық барысы жөнінде сөз қозғаған Матыцин осындай ауқымдағы спорт жобасы FISU, Универсиада ұйымдастыру комитеті, ұлттық студенттік федерациялар мен қала әкімшілігі арасындағы өзара әрекеттестікті үйлесімді түрде ұйымдастыруды қажет ететіндігін және де ол іс жүзінде күрделі міндет екеніне тоқталып өтті. FISU президенті ойындарға дайындық барысында өзі және FISU мүшелері Алматыға бақылаушы емес, біртұтас жұмыс командасының мүшесі ретінде келіп отырғанын да атап өтті.

FISU президенті өз сүйікті ісімен айналысып, әлемнің түрлі университеттері атынан Универсиадаға қатысайын деп отырған спортшыларға мықты денсаулық тіледі. Олег Матыциннің пікірінше, Универсиаданың басты міндеті – қатысушыларға бір-бірімен қарым-қатынастан қуаныш сезініп, өз елдеріне ауызбіршілігі жарасқан  спорт әлемінің бір мүшесі ретінде қайтуы үшін жағдай жасау. «Спорт – бейбітшіліктің елшісі», – деп сөзін қорытындылады FISU президенті Олег Матыцин.

Олег Матыцин 2015 жылдың қарашасында FISU президенті болып тағайындалды. Осы лауазымға дейін ол FISU бірінші вице-президенті болып қызмет атқарған, сондай-ақ, осыдан алдын Ресей студенттік спорт одағын басқарған болатын.