Қазақстаннан Әзербайжанға әуе рейстері қайта ашылады

Қазақстаннан Әзербайжанға әуе рейстері қайта ашылады

Қазақстаннан Әзербайжанға әуе рейстері қайта ашылады
ашық дереккөзі
Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасында тікелей рейстер қайта ашылуда деп хабарлады turkystan.kz. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Әзербайжан Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, халықаралық қатынасты қайта бастау және ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде «Әзірбайжан Хава Йоллары» әуе компаниясының Баку – Астана және Баку – Алматы бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта жаңғырту мәселесін пысықтады. Осылайша, Әзірбайжан әуекомпаниясы 10 наурыздан бастап Баку – Астана бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен, сондай-ақ  11 наурыздан бастап Баку – Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер А-319/Е-190/Б-757 типті әуе кемелерінде орындалатын болады. Айта кету керек, Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.